Жасанды интеллект жылы: университет қабырғасында алғашқы жиын өтті

Жасанды интеллект жылы: университет қабырғасында алғашқы жиын өтті

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚРУ-дың Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бөлімі Qostanay Hub-пен бірлесіп, AI Sana бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының Жас ғалымдар кеңесіне арналған жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша кезекті воркшоп өткізді.

«Бұл Ассамблея үшін ұйымдастырылған екінші шеберлік класы. Жас зерттеушілердің жасанды интеллект технологияларына қызығушылығы артып келе жатқанын көру біз үшін қуанышты», – дейді ұйымдастырушылар.

Кездесуде қатысушылар заманауи AI-құралдармен және оларды қолдану тәсілдерімен танысты.

blank blank

Жасанды интеллект саласындағы өзекті трендтерді талқылады. Спикерлерге сұрақ қойып, идеяларымен алмасты.

Воркшоп жылы әрі өнімді атмосферада өтіп, ғылыми қызметте цифрлық дағдыларды дамытуға және AI енгізуге тағы бір қадам болды.