Түнгі ойын-сауық нысандарынан түсетін шағымдар азаймай тұр

Түнгі ойын-сауық нысандарынан түсетін шағымдар азаймай тұр

Облыста бұзақылық пен қылмыстық әрекеттердің ордасына айналған түнгі кафе-клуб, мейрамхана-барлар қара тізімге еніп отыр. Бұл туралы бүгінгі кеңейтілген отырыста облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин мәлімет берді.

 

Оның айтуынша, 2025 жылы барлық кафе-мейрамхананы қоса есепке алғанда, бейуақытта Қостанайда 923, Рудныйда 185, Арқалықта 56 шағым қоңырау тіркелген.

«Облыс орталығындағы «Не хабар» барында 77, «Панаехали» кафесінде 57, «Волна» кафесінде 41, рудныйлық демалыс орындарында 54 бұзақылық жағдай болған. Тіпті министрлік облысымыздағы осы нысандарды ең нашар деп таныды. Қаңтар айында-ақ алты қылмыстық іс тіркелді. Сондай-ақ осындай орынға барған кәмелет жасқа толмаған 173 бала анықталды. Оның сыртында 125 нысанның камерамен қамтылмағаны белгілі болып отыр», — деді облыстық ПД бастығы.

blankblank

Кейбір аудандардың толық жарықтандырылмауы да әлі күнге қылмыстық жағдайларға себепші болып келеді. Мәселен, 28 қаңтарда Тобыл қаласының Механизаторлар көшесіндегі қалтарыста, «Қызылдаш» кафесі маңында 6 жасар балаға шабуыл жасалған. Абырой болғанда, жеткіншектің денсаулығына ауыр нұқсан келмеген. Камера тұрмақ, жарық болмағандықтан, қылмыскерлердің ізін кесу оңайға түспеді. Сондықтан аталған кемшіліктерді көп ұзатпай түзету шарт. blankТолығырақ — газеттің алдағы санында.

Суреттерді түсірген — Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Басты сурет интернеттен алынды