«SMART BALA» жобасы – жас өнертапқыштар әлемінде

«SMART BALA» жобасы – жас өнертапқыштар әлемінде

Амангелді ауданы білім бөлімінің Тасты жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында аудандық «SMART BALA» жобасы – жас өнертапқыштар әлемінде» тақырыбында жоба байқауы ұйымдастырылды.

Аталған білім бәйгесі – оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ғылыми ізденісін қолдап, инновациялық ойлауын дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Жас буынның цифрлық сауаттылығын арттыру, инженерлік ойлау қабілетін дамыту және заманауи технологияларды тиімді қолдана алатын көшбасшы ұрпақ тәрбиелеу,  сонымен қатар оқушылардың жобалық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, ғылыми ізденіске баулу көзделген  ауданымыздың 11 мектебінен 19 оқушы қатысты.
blank blank
    Байқау екі аталым бойынша ұйымдастырылды: «Цифрлық жоба», «SMART POSTER». Іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Мақпал Кәкімбекқызы, Ұлжалғас Алпысқызы, Жалдама жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі орынбасары Рауан Серажденұлы қазылық етті.
Байқауға ұсынылған жұмыстар мазмұны жағынан алуан түрлі болды. Қатысушылар смарт мектеп макеттерін, экологиялық бағыттағы инновациялық жобаларды, IT және робототехника саласындағы тың идеяларды, цифрлық қауіпсіздік пен жасанды интеллектке негізделген жобаларды қорғады. Жобаларды қорғау кезеңі ерекше тартысты өтті. Әділқазылар алқасы жұмыстарды жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы, ғылыми негізділігі, безендірілу сапасы мен қорғау шеберлігі бойынша бағалады.
blank
Қатысушылар өз жобаларын сенімді түрде таныстырып, қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
blank
    Байқау нәтижесінде үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Ең бастысы, әрбір қатысушы өз тәжірибесін толықтырып, жаңа идеялармен шабыттанды.
blank
«Smart Bala» жобасы – бұл жай ғана байқау емес, болашаққа жасалған қадам.
Бүгінгі жас өнертапқыш – ертеңгі ел тірегі. Осындай игі іс-шаралар арқылы білімді, ізденімпаз, елжанды ұрпақ қалыптасатыны сөзсіз.
Бақытгүл БИМАҒАМБЕТОВА,
Амангелді ауданы білім бөлімінің әдіскері