Жарқын жеңістер алда

Жарқын жеңістер алда

Президент Жолдауында әлеуметтік дамуыдың басым бағыттардың бірі бұқаралық спортты дамыту болып көрсетілген. Облыста бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп жатыр. Ол туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дулат Советханұлы өңірлік коммуникация алаңыңда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Өткен жылы упорттық шара өткізіліп, оған 546 мыңнан астам адам қатысты. Қазір қазіргі уақытта 384 мыңнан астам тұрғын спортпен шұғылданады. 2025 жылдың қортындысы бойынша мемлекеттік спорт тапсырысы аясында 5354 баланы қамтитын 346 спорт секциясының жұмысы қамтамасыз етілді», – деп атап өтті басқарма басшысы.

Ең көп шұғылданатын балалар саны Қостанай, Рудный қалалары мен Қостанай ауданында шоғырланған. Соңғы жылдары қолжетімді «Аула фит» мемлекеттік жобасы табысты іске асырылып жүр. Өткен жылдың мамыр-қазан айларында 10 спорт алаңында жүзеге асқан. Атап айтқанда, Қостанайда алты орын және Арқалық, Жітіқара, Лисаков, Рудный қалаларында бір-бір орын бар.

«Күн сайын бұқаралық спортпен айналысқысы келгендердің барлығы осы алаңдардағы  жаттығуларға қатыса алады. Күн сайын әр алаңда 200 ден астам адам сабақпен қамтылған. Оған қоса, Білім басқармасы және «Халық» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Ауыл спорты» республикалық жобасы іске асырылуда», – деді ол.

Биыл ол жоба бойынша жеті спорт түрінен облыстың он жеті өңірінен 285 оқушы жарысқа қатысыпты. Өз кезегінде «Ұлы дала жорығы», «Найза – 71» халықаралық турнирі. Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша Қазақстанның сегіз чемпионаты, жеті республикалық турнир, қысқы жасөспірімдер ауылдық ойындары өтті. Жарысқа республиканың жиырма өңірінен сегіз мыңнан астам адам және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және басқа да мемлекеттерден спортшылар бақ сынады.

«2025 жылы облыс құрамасы бес кешенді іс-шараға қатысты. Кешенді жарыстарға 1500 спортшымыз барып келді. Қортындысы бойынша облыс құрамалары республиканың жиырма өңірінің ішінде алдыңғыи орындардан көріне білді. Биыл облыста олимпиаладық және ұлттық олимпиадалық емес спорт түрлерінен Қазақстан республикасының жиырма чемпионаты, төрт Қазақстан кубогы, бес халықаралықь турнир, екі республикалық турнир өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында отыз екі спорттық бұқаралық ұйымдастырылады», – деді спикер.

Былтырғы  Қостанай спортшыларының жетістіктеріне тоқталды.

«Қазақстан республикасы ұлттық құрамасының сапында 2025 жылғы қысқы Азия ойындарына он спортшы қатысып, бір алтын, екі қола медаль жеңіп алды. Токио қаласындағы 2025 жазғы сурлипиада ойындарында облыстан сегіз спортшы қатысып, төр қола медальға ие болды. Жасөспірімдердің үшінші Азия ойындарында облыс спортшылары екі қола медаль жеңіп алды», – деп биылғы додаларға сәтілік тіледі.

Атап айтқанда  Әйелдер боксынан Рамина Мақанова, Гандбол спортынан Анжелика Орловская, Дзюдо жұбында Динара Құтжолова,  Элнара Әбдіназарова жастар арасында әлем чемпионы атанғант болатын. Фархад Мутунов пара пауерлифтингтен жастар арасында әлем чемпинатының күміс жүлдегері болды. Бексұлтан Қайратұлы, Юсуф Мацуов, Денис Полубояринов, Аружан Найманбаева, Архат Баймурзиндер Азия чемпиондары атанды. Осы жылы 6-22 ақпан аралығында облысымыздың екі спортшысы Наиль Башмаков пен Виталий Пукхало шаңғы жарысынан Қазастан республикасының ұлттық құрамасында ХХҮ қысқы Олимпиада ойындарына қатысқалы отыр.

Жалпы алғанда, облыс құрамасының 226  спортшысы Қазақстан республикасының 22 чемпионатына қатысып, 34 алтын, 20 күміс, 17 қола медаль жеңіп алды. Бұл тұста халыаралық арнеда көзге түскен спортшыларды ерекше атап өткен жөн. Біздің облыста алғаш рет дәстүрлі садақ атудан Меңсұлу Атажанова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атағын иеленді. Әмина Садыр тоғызқұмалақтан он бес жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпинатында күміс жүлде қанжығалады. Нұрсұлтан Қабылан қазақ күресінен әлем кубогын ұттты. Айдын Жәкеев, Айым Әлібекқызы он тоғыз жасқа дейінгі жастар арасында тоғызқұмалақтан Азия чемпионатының жеңімпаздары болып елге оралды. Бұл жетістіктер спортшыларға жасалған елдің қолдауының арқасы десек қателеспейміз. Мәселен, үш жылда он тоғыз спорт кешені салыныпты. Қаламызда теннис орталығының құрылысы басталды. Тобыл қаласында үш мың адамдық үлкен спорт кешені бой көтеріп жатыр. Салынғаннан кейін үлкен деңгейдегі халықаралық жарыстар өткізуге жағдай жасалады.

Аудан-қалаларда да инфрақұрыламдар жүзеге асырылып жатыр. Сол жеке алаңдарымыз арқылы инфрақұрылымды біршама дамытуға болады. Айтпақшы, биылғы жазғы облымтық спартакиада мен «Ұлы дала» жорығы марафорны биыл жетпіс джылдығын атап өткелі жатқан Арқалы қаласында өткізілмек.

Айбек ЖҮЗБАЙ