Лисаков жастары қарт тұрғындарға көмек көрсетті

Лисаков жастары қарт тұрғындарға көмек көрсетті

«Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасын іске асыру аясында Лисаковск қаласының Октябрьское кентінде республикалық «Қарлы десант» акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Лисаковск техникалық колледжінің студенттері, еріктілер, Жастар ресурстық орталығының белсенділері мен Лисаковск қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысып, барлығы 30-ға жуық адам жұмылдырылды. Араларында бірқатар мемлекеттік қызметшілер де бар.

blank blank blank

Акция барысында  жалғыз тұратын зейнеткерлердің ауласы мен үй маңындағы аумақтарды қардан тазартылды. Мұндай бастамалар өңір жастары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, еріктілер қозғалысын дамытуға және әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Қар десанты» акциясы қыс мезгілінде елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға нақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Аталған акциялар «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Лисаков қаласы