Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханада ұйымдастырған зияткерлік ойынға бір уақытта Қазақстан мен Ресей Федерациясының төрт командасы қатысты.
Троицк «Ровесник» балалар-жасөспірімдер кітапханасы, Орынбор жастарға арналған орталық Облыстық кітапханасы, Потанин атындағы Қорған облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының
сегізінші сынып оқушылары бақ сынасты.
Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянына, шығармашылық мұрасына және білім мен мәдениетті дамытуға қосқан үлесіне байланысты тапсырмаларды орындады.
Турнир 9 турдан тұрды. Бірінші турда блиц форматында оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянына қатысты сұрақтарға жауап берді. Мұнда да қостанайлықтар жылдам әрі белсенді екенін көрсетті.

Екінші турда қатысушылар сөздердің жиынтығынан Ұлы мұғалім жазған мақал-мәтелдерді жинауы керек еді. Төртінші турда қатысушыларға әйгілі телешоудың білгірлері ретінде қара жәшік ұсынылды, онда болжамды зат болды.

Жәшіктен қоңырау шықты. Барлық 9 турдың қорытындысы бойынша онлайн-турнирдің жеңімпазы атанған Троицк командасы дұрыс жауап берді. Екінші орынды Орынбордан келген команда иеленді, ал үштікті қостанайлықтар түйіндеді.
– Онлайн турнирлерді көптен бері өткізіп келеміз, – дейді облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының басшысы Надежда Теплякова. – Бастапқыда ресейліктер бұл идеяға «Біз сіздің қалаңызды білеміз»тақырыбын ұсынған. Бірақ бұған дейін 2-3 команда қатысып, алғаш рет осы жолғы іс-шараны Алтынсаринге арнаған болатын.
Осылайша, «Біз Ыбырай Алтынсаринді білеміз» атты онлайн турнирі тек интеллектуалды ойын ғана емес, мұрасы бүгінгі күнге дейін өзекті болып келе жатқан ұлы ұстазға көрсетілген құрмет болды.
Василий Васильев,
суреттерді түсірген автор
