Боранды күндер алда: көлік жүргізушілерге ескерту жасалды

Боранды күндер алда: көлік жүргізушілерге ескерту жасалды

ҚазАвтожол еліміздің он алты облысында боранды ауа райы күтілетінін хабарлайды. Олардың арасында Қостанай облысы да бар. Жолдағы қар үйінділері жүргізушілерге кедергі келтіруі ықтимал

«Осыған байланысты жүргізушілерден жылдамдық режимін қатаң сақтап, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты ұстануды, сондай-ақ алыс жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздік — әр жүргізушінің басты міндеті», – деп ескертеді ҚазАвтожол.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.