2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Соған сәйкес арнаулы салық режимдерінің саны үшке дейін қысқартылды деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге қандай режимдер қарастырылғанын және қандай жағдайда 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық режимін таңдау туралы хабарлама беру қажет екенін түсіндірді.
Жаңа Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізіндегі режим үшін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі көзделген.
Жаңа Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізіндегі режим үшін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі көзделген.
«Жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдерінің саны қысқартылды, яғни олар үшке дейін оңтайландырылды. Бұған дейін олардың саны жеті болған. Қазіргі таңда үш арнаулы салық режимі қалды. Біріншісі – оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Екіншісі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі. Үшіншісі – шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі», — деп атап өтті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген.
