Жаңа жыл қарсаңында Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин мереке күндері қызмет атқаратын қызметкерлерді құттықтады.
Кездесу барысында ол полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін адал атқарып жүргендері, жоғары кәсібилігі және мереке күндеріне қарамастан қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етуге дайын екендіктері үшін алғыс білдірді.
Ерлан Файзуллин ішкі істер органдарындағы қызмет ерекше жауапкершілікті, төзімділік пен жанқиярлықты талап ететінін атап өтті. Сондай-ақ кезекші бөлімшелердің жұмысы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жүйесінде маңызды рөл атқаратынын айтты. Ол қызметкерлерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, тыныш ауысымдар мен жаңа жылда қызметтік табыс тіледі.

Жаңа жыл қарсаңында Полиция департаментінің жедел кезекшісі Канат Нұржановқа кезекті арнаулы атақ — полиция подполковнигі берілді.

Сонымен қатар Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы қызметкерлерге естелік сыйлықтар табыстады.


Айта кетейік, жаңа жыл мерекесі кезеңінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шамамен 300 полиция қызметкері, ҚР ІІМ академиясының курсанттары және әскери қызметшілер жұмылдырылатын болады.
