Қостанайда Оңалту орталығы ашылды

Қостанайда Оңалту орталығы ашылды

Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық! Қостанайда ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту орталығы пайдалануға берілді. Бұрынғы резиденция ғимаратты орталыққа бейімдеп, заман талабына сай жабдықтауға облыс қазынасынан және «Қазақстан халқына» қорынан қомақты қаржы бөлінген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, писхоневрологиядық ауытқуы бар және тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған, 60 төсек-орынға шақталған орталық жұмысын бастады. blankblankМұнда жыл сайын 1,6 жасқа толған және 18 жасқа дейінгі 900 бала ем-дом қабылдай алады. Мүгедектігі бар балдырғандарды қамту ауқымын ұлғайта түскен мекеменің ашылуымен облыс әкімі құттықтады.blank

«Бізде бұған дейін бір ғана Оңалту орталығы болды. Ол жылына 400 балаға дейін қабылдайды. Ал жаңадан ашылып отырған орталық екі есе көп балаға қызмет көрсетпек. Жабдықталымы жоғары деңгейде. Тиісті даярлықтан өткен білікті мамандар жұмыс істейді. Бізге «Қазақстан халқына» қоры зор көмек көрсетті. 1 млрд теңгеден астам қаржы бөліп, оған бізде бұрын-соңды болмаған өте сирек құрылғы-жабдықтармен қамтыды. Бұрын мұндай технология елорда мен Алматыда болғандықтан, ата-аналар сол ірі қалаларға қатынауға мәжбүр болатын. Енді бұндай мүмкіндік өзімізде пайда болып отыр», – деді Құмар Ақсақалов

blankОрталықтың ашылу рәсіміне «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева да арнайы келіп қатысты. Оынң айтуынша, қор Қостанай облысына 21 млрд теңгеге жуық қаржы бағыттап, әлеуметтік саланы әлдендіретін ірі жобаларды іске асырып жатыр. Бүгінгі нысан – соның жарқын бір үлгісі.blank

«Бұл – «Алтын стандартпен» жасалған орталық. Неге біз елімізде жоқ жабдықтарды әкелдік? Өйткені әлеуметтік салада өте маңызды стандарттарды көтеруіміз керек. Сол арқылы қызмет сапасы артуы қажет. Бүгін біз көріп отырған құрал-жабдықтарға 700 млн теңге жұмсалды. Қалғандары келісім-шарттар аясында Жапония, Швейцария, АҚШ, Австралия сияқты елдерден келе жатыр. Әлемдік брендтер тапсырыспен бізге арнайы жасалады. Дегенмен қолда бар техникалар жұмысты толық бастай беруге мүмкіндік береді. Мұндағы қамтылым жерге қонған ғарышкерді оңалтуға қажетті жабдықтардан еш кем емес», – дейді Ләззат Шыңғысбаева.

blankblankОңалту орталығы жеті корпустан тұрады. Әрқайсысының өзіндік қызметі бар. Компьютерлендірілген, роботтандырылған құрал-жабдықтар әр баланы диагнозына сай дамытуға, шынықтыруға аса қолайлы. Тірек-қимыл аппаратын, психоневрология жүйесін жетілдіретін техниканың сан түрі бар. Қазірдің өзінде ерекше қажеттілігі бар балғындар оңалтудан өтуге кіріскен.blank blankblankblankblankЕден-қабырғасы тұтастай сенсорланған интерактив бөлмесі, шунгит бөлмелері, бассейн, физиотерапия және басқа да бөлімдер таныстырылды.blankblankblankblankblankblankblankblankТағы бір айта кетері, алғашқы орталықтағы сеанс мерзімі 17 күнге дейін ғана еді, ал жаңа нысанда 21 күн шипа алуға болады.blank

Толығырақ – газеттің алдағы санында.

Ж.Балғынбекұлы

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ