Футболдан olimpbet Қазақстан чемпионатының 12 турында Қостанайдың “Тобылы” петропавлдық “Қызылжар” командасын қабылдады. Ол ұжым былтырғыға қарағанда күшейген.
Турнир кестесінде үздік үштікте келе жатыр. Орталық стадионда өткен алғашқы ойын қостанайлықтар үшін оңайға түскен жоқ. Алға ұмтылды, жиі пас алмасып, шабуылдау тактикасын қолданды. Бұл әдіс “Тобылға екінші таймда пайдасын берді. Алаңда Бағдат Қайыровты алмастырған Альберт Габараев команда капитаны Серікжан Мужиковпен бірден түсіністі. Өзара тамаша доп алмасты. Серікжан екі қорғаушының арасымен қонақтардың айып алаңына оң бұрышпен допты алып кірді. Оның әуелетіп берген добын шабуылшы Сердж Дебле баспен қақпаға енгізді. Осы жалғыз гол ойын тағдырын шешті. Қорытынды есеп 1:0.
А. Ғалымұлы.