Облыста 9 мектеп және 14 балабақша салынды

Облыста 9 мектеп және 14 балабақша салынды

Қостанай облысында әлеуметтік инфрақұрылым жеделдеп даму үстінде. Осы салада қандай жұмыстар істелгеніне де өңір басшысы Құмар Ақсақалов тоқтала кетті.

Өңірдің әлеуметтік саласы жаңа білім беру нысандарын салу есебінен нығаю үстінде. Үш жылда Қостанай, Рудный және Арқалық қалаларында, сонымен қатар Әулиекөл, Жангелдин және Қостанай аудандарында 5 860 орынға арналған тоғыз заманауи мектеп салынды.

«2,2 мың орынға арналған 14 балабақша пайдалануға берілді. Бұл мектепке дейінгі ұйымдарға түсетін жүктемені айтарлықтай азайтты. Жалпы сыйымдылығы 1 880 орын болатын тағы екі мектептің құрылысы жалғасып жатыр. Әлеуметтік инфрақұрылымды ауқымды жаңарту балаларға қолайлы жағдай жасап, білімнің қолжетімділігін арттырады және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етеді», – деді өңір басшысы.