Машина жасау саласын өркендету: стратегиялық екі жоба аяқталу алдында

Машина жасау саласын өркендету: стратегиялық екі жоба аяқталу алдында

Қостанай облысында индустриялық әлеуетті кеңейту жалғасып жатыр. Биыл «KamLitKZ» компаниясы машина жасау саласында екі стратегиялық жобаны аяқтау алдында тұр.

Олар – жүк көліктеріне арналған жетекші біліктердішығаратын зауытты салу және автомобиль белдемдерін жергіліктендіретін кәсіпорын.

«Екі жобаның жалпы инвестиция көлемі – 160,5 млрд теңге. Бұл оларды өңірлік өнеркәсіптегі капиталы көп жобалардың біріне айналдырды. Аталған бастамаларды іске асыру 650 жаңа жұмыс орнын құруға жол ашып, технологиялық жергіліктендірудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Қостанай облысының Қазақстандағы заманауи машина жасау орталығы ретіндегі мәртебесін күшейтеді», – дейді Құмар Ақсақалов.

Еске салайық, облыста 2024 жылы «KamLitKZ» ЖШС жылына 45 мың тонна құймалы өнім шығару қуаты бар, құны 78,2 млрд теңге болатын шойын құю зауыты іске қосылған болатын. Бұл кәсіпорында 500 жұмыс орны ашылды. Зауыт машина жасау және металлургия кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ететін өңірдің индустриялық кешенінің негізгі жобаларының бірі. Жоба инженерлер, логистик мамандар және IT-мамандарға сұранысты арттырып, ілеспе салалардың дамуына серпін береді.