Өткен аптада полицейлер жүргізушілер тарапынан 3347 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықталған.
«Тексеру барысында 15 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ұсталып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жеті күн ішінде медициналық айықтырғышқа 546 адам орналастырылды. Құқықбұзушылықтардың бір бөлігі бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. Атап айтқанда, автоматты бақылау жүйелері арқылы 832 заң бұзу фактісі тіркелді», – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаментінің өкілдері жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін ескертеді. Полицейлер жүргізушілерді тәртіпке шақырып, жолдағы жауапкершілікті арттыру мақсатында профилактикалық жұмыстардың жалғасатынын хабарлайды.
