Арқалықта Желтоқсан оқиғасына қатысушылар құрметке бөленді

Арқалықта Желтоқсан оқиғасына қатысушылар құрметке бөленді

Қалалық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығында 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік жолындағы жастар ерлігі» атты кездесу кеші өтті. 

Іс – шараның мақсаты – Желтоқсан оқиғасының тарихын, сол күндері ерлік көрсеткен жастардың тағдырын келешек ұрпаққа жеткізу.

Кездесуде Желтоқсан оқиғасының қатысушылары: қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұрлан Нұғыманов, Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Дәмет Құсайын, кітапхана ардагері Әлия Әубәкірова, А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Жұмакүл Бекентаева, жеке кәсіпкер Айгүл Сүлекеевалар бастарынан өткен қысым – қиянаттарды бір сәт еске алып, жас ұрпақты тәуелсіздік ұғымының қадір — қасиетін терең ұғынуға үндеді.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

blank

«Бүгін біз тарихты тек кітаптан емес, сол оқиғаларды өз көзімен көріп, жүрегімен өткерген куәгерлердің өз аузынан тыңдап отырмыз. Желтоқсан ерлігі – Тәуелсіздігіміздің темірқазығы. Кездесу арқылы біз сол ерліктің рухын тағы бір сезіндік. Желтоқсан оқиғасы – еркіндік пен әділет жолында жанын шүберекке түйген қазақ жастарының қайсар рухының айқын көрінісі. Бұл кездесу – өткенге тағзым, бүгінге сабақ, болашаққа аманат», –дейді қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Данияр Қуанышұлы.

blankblankblankblankblank

Кездесу соңында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Маратұлы Желтоқсан оқиғасына қатысушы жерлестерімізге құрмет көрсетіп, Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.

 Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

 

Арқалық қаласы