Жол құрылысына қомақты қаржы жұмсалады

Жол құрылысына қомақты қаржы жұмсалады

Бұған дейін облыс тұрғындары жолдың нашарлығына жиі шағымданатын еді. Жыл он екі ай бойы негізгі қатынас құралына  айналған жол мәселесі халықты әбден титықтатқан еді. Бұл мәселе көп күттірген жоқ.  “ҚазавтоЖол” АҚ облыстық филиалының директоры  журналистермен өткен баспасөз мәслихатында  астықты өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың дені бүтінделетінін айтты.

Биыл облыста респрубликалық маңызы бар жолдарды жөндеуге және оны ұстап тұруға қазынадан 17,5 млрд теңге бөлінді. Оның басым бөлігі жол құрылысына жұмсалады. Үстіміздегі жылы “Қарабұтақ-Қостанай” арасын жалғап жатқан тас жолдың құрылысы жалғасады. Оған 6,1 млрд теңге жұмсалмақ.  Жол-құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты бұл жобаға бөлінген қаражат қайта есептеліп жатыр. Биыл 30 270 тонна асфальт-бетон төселді. Нысан жыл аяғында пайдалануға беріледі. “ҚазавтоЖол” АҚ  облыстық филиалының  директоры Андрей Горваттың айтуынша, бұдан бөлек ұзындығы 237 шақырым болатын 10 жол учаскесін орташа жөндеуге 9,4 млрд қаржы бөлінген. Мәселен, өтпелі алты  учаскені аяқтауға 3,1 млрд теңге жұмсалады. Қарабалық ауданында екі  учаске және Әулиекөл ауданында төрт  учаске күзде елдің кәдесіне асады. . Нысандарды пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланған.

– Сондай-ақ, “Қостанай-Әулиекөл-Сурған”  тас жолының Айдарлы-Шолақаша ауылдары арасындағы  26  шақырымдық жолды жөндеуге   “Маңғыстау КДСМ”  АҚ  мердігерлік ұйымы тартылған. Бүгінде компания 5 шақырым жолды тақтайдай тегіс етіп төсеп жатыр. Мұның сыртында жаңа төрт участкеге 6,3 млрд теңге қаржы бөлінді. Атап айтқандва, Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі ұзындығы 38 шақырымдық “Жезқазған-Петропавл”  автокөлік жолының екі  учаскесі орташа жөнделеді. Құрылыс жұмыстары маусым айында басталады.  Тавриченка ауылынан Аршалы ауылына дейінгі ұзындығы 30 шақырымдық  “Денисов-Комаров” автожолы да жаңа кейіпке енеді.  Оны “Қостанай жолдары” ЖШС мердігерлік ұйымы. өз қолдарына алды.  “Екатеринбург – Алматы” тасжолының Федоров кентінен Озерное ауылына дейінгі аралығындағы 28 шақырымдық жолға да жаңа асфальт төселеді. Нысан 30-тамызда пайдалануға беріледі,-дейді Андрей Горват.

Жаңалықтармен бөлісу