Бұл туралы Қостанай қаласының білім бөлімі хабарлайды.
Жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) мен тұмаудың өршуіне, сондай-ақ оқушылар мен педагогикалық қызметкерлер арасында қайталама сырқаттанушылықтың артуына байланысты, қаладағы білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңестері мен директорларының бірлескен шешімі негізінде 25 қарашадан бастап осы аптаның соңына дейін сабақтарды қашықтан оқыту форматына көшіру туралы шешім қабылданды.
Бұл шара білім беру процесіне қатысушылардың барлығын қорғау және олардың денсаулығын сақтау мақсатында енгізіліп отыр. Осы аптаның соңында жағдай қайта қаралып, эпидемиологиялық ахуалға байланысты оқу форматы бойынша әрі қарайғы шешім қабылданады.
Барлығы Қостанай қаласының 37 жалпы білім беретін мектебі қашықтан оқыту форматына көшірілді», — делінеді хабарламада.
Білім бөлімі колледждер бойынша да ақпарат бере кетті.
2025 жылдың 24 қарашасындағы жағдай бойынша, 20 984 студенттің 3 578-і немесе 17%-ы ауруханалық (ауырғанына байланысты) демалыста.
«2 колледж қашықтан оқыту форматына көшкен: Қостанай сервистік қызмет көрсету колледжі (30,15%) және Қостанай политехникалық жоғарғы колледжі (30,85%). 4 колледжде 17 топ қашықтан оқыту форматына ауысты (Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі – 4 топ; Қостанай құрылыс колледжі – 1 топ; Қостанай жоғары педагогикалық колледжі – 2 топ; Қостанай жоғары экономикалық колледжі (Қазтұтынуодағы) – 10 топ)», — дейді мамандар.
Жалпы, соңғы аптада облыста ЖРВИ-дің 10 512 жағдайы тіркелген. Сырқаттанушылық көрсеткіші – 100 мың тұрғынға шаққанда 1264,9. Алдыңғы аптамен салыстырғанда, сырқаттану деңгейі 1,8 есе өскені байқалады (алдыңғы аптада – 5545 жағдай, 100 мың тұрғынға шаққанда 667,3).
Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 61,9% немесе 6510 жағдай.
1 жасқа дейінгі балалар – 210 жағдай, барлық науқастардың 2,0%-на тең.
