Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде хабарланды. Сондай-ақ заңда Нормативтік құқықтық актілер жобаларына ғылыми сараптама жүргізу тетігін жетілдіру көзделген. Үкімет мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеумен айналысатын уәкілетті ұйымды айқындайтын болады.
Уәкілетті ұйымның негізгі міндеттері:
1) заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жасауды қамтамасыз ету;
2) нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қамтамасыз ету;
3) заң жобаларына қатысты қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің түпнұсқалығы бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу;
4) ғылыми қорытындылар мен өзге де талдамалық материалдарды әзірлеу, сондай-ақ материалдарды заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізу шеңберінде дайындау.
Әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманы түзетуге ерекше назар аударылып, оларды жүргізу мерзімдері, есептеу тәртібі және сотқа дейінгі шағымдану тәртібі нақтыланады. ӘРПК-нің 17-бабына Әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезінде ақылға қонымды мерзімдер қағидатын қолдану өлшемшарттарын нақтылауға бағытталған өзгерістер енгізіледі.
Сондай-ақ «әкімшілік акт» ұғымын көпшілік топқа арналған шешімдерді, мысалы, жол белгілері мен санитарлық дәрігерлердің қаулыларын қосу арқылы жаңарту ұсынылады.
Заңға Конституциялық соттың 2024 жылғы 10 қаңтардағы нормативтік қаулысының іске асырылуын қамтамасыз ететін түзетулер, сондай-ақ ӘРПК-де заң терминологиясын біріздендіруге бағытталған өзгерістер енгізілді.
