Қостанай облысында азаматтарға құқықбұзушылықтар мен оқиғалар туралы полицияға тікелей хабарлауға мүмкіндік беретін «Заң мен Тәртіп» цифрлық сервисі белсенді түрде қолданылуда.

Бұл сервис Egov Mobile қосымшасына біріктірілген, сондай-ақ Kaspi.kz және Halyk Bank сияқты танымал банктік қосымшалар арқылы да қолжетімді. Соның арқасында облыс тұрғындары тәулік бойы кез келген уақытта құқықбұзушылықтар жөнінде тез әрі ыңғайлы түрде хабарлама жібере алады. Ақпарат полицияның кезекші бөліміне нақты уақыт режимінде түсіп, қызметкерлер бірден тексеру жұмыстарын бастайды.
Мысалы, Қостанай қаласының тұрғыны сервис арқылы көпқабатты үйдің ауласында спирттік ішімдік ішу және қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі туралы хабарлаған. Кезекші бөлім оқиға орнына полиция нарядын жіберіп, құқықбұзушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
Сервис іске қосылған сәттен бастап Қостанай облысы бойынша шамамен 500-ге жуық өтініш түскен. Оның ішінде:
252 — Egov Mobile қосымшасы арқылы;
198 — Kaspi.kz қосымшасы арқылы;
7 — Halyk Bank және өзге де платформалар арқылы.
«Заң мен Тәртіп» сервисі – азаматтарға құқықбұзушылықтар туралы жедел хабарлауға мүмкіндік беретін тиімді құрал. Халықтың белсенді қатысуының арқасында полиция қоғамдық тәртіптің бұзылуына жедел әрекет етіп, алдын алу шараларын қабылдай алады», — деп атап өтті Қостанай облысының Полиция департаментінде.
