Республика көлемінде оқушылар арасынан мектеп көшбасшыларын шығарып, өзі-өзі басқаруға мүмкіндік жасау тәсілі кең қанат жайғалы тұр. Бұл туралы Қостанай ауданы Заречный келешек мектебінде ұйымдастырылған форумда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова айтты.

«Мектептің өзін-өзі басқару көшбасшылары форумы жыл сайын өткізіліп, келешекте өзара тәжірибе алмасудың алаңына айналады. Осы жиын арқылы қоғамдағы мәселелердің түйінін таба аласыздар. Бұндай форум республикамыздың әр облысында өтіп жатыр. Өзі-өзі басқаруды дамытып, көшбасшылардың позитивті көзқарастарын қалыптастыруға септігі зор. Сіздер бірегей ұсыныстарды жолдау арқылы үлкен іске бастамашы болғалы отырсыздар. Бұл қадам келешекте батыл шешім қабыдауға серпін бергелі тұр. 2025-2026 оқк жылында білім басқармасының ұйымдастыруымен өзі-өзі басқару тәсілінің аясы кеңейетін болады. Жеткіншетерден құралған мектеп парламентінің мүшелері, фракция депутаттары білім ордасының құрамын әлі де толықтыратын болады», – деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.
Бұл алдағы өмірде саясатқа арасуға дем беретін жастардың таптырмас құралы.

Облыста осы жүйеде жұмыс істеп келе жатқан 393 білім ордасы бар. Онда 35 мың бала айналысып келеді. Үш мыңнан астам фракция қызмет атқаруда. Студенттерден құралған 33парламент пайда болды. Бұл бастама алда қызметтік жолға түсудің бағдарын нұсқамақ.
«Біз сіздердің жұмыстарыңызды көріп қана қоймай, әрқашан пікірдеріңізді тыңдауға дайынбыз. Бізбен серіктес есебінде қатар жүретін боласыздар. Қостанай ауданын таңдап алудың да үлкен мәні бар. Бұл аудан Қызылордада өткен республикалық сайыста ең үздік мектеп парламенті атанды», – деді Данагүл Сүйіндікова.
Облыстық жастар ресустық орталығының жетекшісі Абай Дүйсеков маңызы зор осындай іс-шаралар болашақта жастарға көмегі тиетінін түсіндірді.
«Осындай басқосуларда жаңа жобаларды қарастырып, бірге шешетін адал дос табатын боласыздар. Біз де осы секілді форумдардан көшбасшы болып шыққан болатынбыз. Әрі қарай игі ісімізді жоғары оқу орындарында жалғастырдық. Мұндай бастамалардың жастар саясатының ілгерлеуінеде септігі мол болады», – деді Абай Дүйсеков.
Осындай форумдарды танылып белсенділік байқатқан жастар жетістікке жетудің жарқын мысалдарымен бөлісті. Сондай жастардың бірі Аружан Сәрсенбаева.

Ол бүгінде AMANAT партиясының жанындағы Жастар рухы жастар қанатына жетекшілік жасап жүр.

«Мектептегі белсенділіктің өмірде көп пайдасын көріп өскен жанның бірімін. Мен де бұл қадамымды мектептен бастадым. Бірақ президент болған жоқпын. Алайда қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, білім ордасының қабырғасындағы көңілді тапқырлар клубында жүргізуші болып жүрдім. Арасында дебатқа қатысып та үлгеремін. Жылы ұямен қоштасарда әр адамның басында жауапты кезең күтіп тұратыны белгілі. Осы жерде айта кетерім, жоғары жақта жүргендердің бәрі бірдей грантта оқымаған. Әр адамның бойында әртүрлі қабілет болуы мүмкін. Өзім мысалы грантқа түсе алмадым. Бірақ мектепте белсенді болуымның көмегі осы жерде тиді», – деді Аружан.

Ол оқу бітірген жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті оқу орын жайлы үздік бейнероликке байқау жариялады. «Мен осы оқу орнынын таңдадым» деген тақырыпта бейнеролик дайындауға кірісті. Ақыр аяғы жеңімпаз атанып, грантқа оқуға мүмкіндік алады.
Қаршадайынан облыстық жастардың алтын кітабына еніп, мецанаттар сыйлығының иегері атанып үлгерген Ақбота Дүкенованың көшбасшылық жолы тіптен қызық. Бүгінде Қостанай педагогика колледжінде хорпеграфиядан сабақ береді. Екі баланың анасы.

«Жастардың көшбасышсы маңызды мәртебе, – деп бастады Ақбота әңгімесін. – адамның тал бойынан ерекше қабілетті талап етеді. Кез келген ортада көшбасшы болады. Бұл кісінің ойын ортада дұрыс ықпал ете алуымен байланысты», – дейді ол.
Бұл қабілет Ақботаның бойынан жетінші сыныптан-ақ пайда бола бастаған. Озерный мектебінде президент атанғаннан одан сайын ашыла түсті. Сол кезден-ақ өзіне мол жауапкершілік алғаны өзіне еліктеген жастарды қызықтырмай қоймайды. Өзінен үлкен-кіші сыныптармен бір командада жұмыс істеп, ұшқан ұяларының пайдасына мол шаруа атқарды десе де болады. Соның арқасында өсті, әрі қарай оқып, білім алуға талпынды. Тоғыз оқып жүргенде бес шақырым жердегі ауылдан хореграф болуға ұсыныс алды. Сонда бері биден сабақ бере бастаған. Онышы сыныпта алғашқы ұстазы өзінің оң қолы етіп алады. Іс-шараларын ұйымдастыруға жәрдемдесуінің арқасында өмірдегі жолын тауып отырған жан.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді ұсынған
облыстық білім басқармасы
