Меңдіқарада жастардың этно-мәдени бірлігін нығайтатын маңызды әріптестік басталды

Меңдіқарада жастардың этно-мәдени бірлігін нығайтатын маңызды әріптестік басталды

Меңдіқарадағы Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіби-техникалық колледж бен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік өкілдігі арасында өзара ынтымақтастық жөнінде маңызды келісімге қол қойылды.

Осы серіктестік аясында колледж базасында «Ассамблея жастары» жастар қозғалысы құрылып, өз жұмысын бастады.

Жобаның негізгі мақсаты — жастар арасында азаматтық бірегейлікті нығайту, этносаралық келісімді дамыту, тіл мәдениетін көтеру, этномедиацияны жетілдіру және патриоттық тәрбиеге жол ашу.

«Бұл келісім – саналы, толерантты және белсенді азаматтық ұстанымы бар жастарды қалыптастыруға бағытталған нақты қадам. Енді колледж студенттері республикалық деңгейдегі жобаларға, форумдарға, мәдени және әлеуметтік бастамаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады», – дейді қос тарап өкілдері.

Қоғамда келісім мен өзара сыйластықтың маңызы артып келе жатқан қазіргі кезеңде мұндай серіктестіктердің маңызы зор.

blank blank blank blankБұл бастама жастардың болашағына бағытталған игі істің бір көрінісі.