«Тобыл» ойыншысы Ислам Чесноков алдағы мансабы туралы пікір білдірді

«Тобыл» ойыншысы Ислам Чесноков алдағы мансабы туралы пікір білдірді

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы және «Тобыл» клубының ойыншысы Ислам Чесноков соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қызу талқыланған Шотландияның «Хартс» клубына ауысу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл жөнінде aladop.kz сайты футболшының Baq.kz-ке берген сұқбатын жариялады.

«Әркімнің өз пікірі бар, әлеуметтік желілерде кім не жазбайды дейсіз. Бірақ менің «Тобылмен” келісімшартым 31 қазанға дейін жарамды. Қазір мен «Тобылдың” ойыншысымын», — деді футболшы.

Сондай-ақ ол маусым қорытындысы бойынша команданың және өзінің ойынына қысқаша баға берді.

«Жеке ойынды бағалау – менің ісім емес, оны сырттан бағалау керек. Ал командалық тұрғыдан алғанда, көбірек нәтиже көрсетуге болатын еді. Жақсы мүмкіндіктеріміз болды, қазір де теориялық шанс бар. Барлығы соңғы турларға байланысты. Біз бір трофей ұттық, сондықтан белгілі бір деңгейде риза болуға болады. Бірақ чемпионатта жоғары орындарға көтерілгіміз келген, өкінішке қарай, бұл мақсат толық орындалған жоқ», — деп түйіндеді ол.