«Қарттарым — асыл қазынам!»

«Қарттарым — асыл қазынам!»

1 қазан – Халықаралық қарттар күнін торғайлықтар да толымды атап өтті. Айтулы іс-шаралар Жанкелдин ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мемлекеттік — әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асты.

Жергілікті «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандағы қазыналы қарттардың өмір сүру сапасын және әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында көрініс тапты.

blank Қарттар күнін атап өту Торғайда да ерекше үрдіске айналған. Спорттық іс-шаралар және караокемен бастау алған мереке концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары және қызметкерлер қарияларға зор құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады.

blank blank blank blank Бойларынан қуаттары кетіп, төсек тартып жатқан қарттарды үйлеріне барып мерекесімен құттықтап, сый-сияпатын табыстады.

blank

«Қарттар күні – халқымыздың қастерлі дәстүріне, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету салтына негізделген мерейлі мейрам. Бұл күн – саналы ғұмырын елдің өсіп-өркендеуіне арнап, маңдай терін төгіп, өмірдің ащы-тұщысын көрген ардақты қарияларға құрмет көрсету күні. Бұл мереке қариялардың қоғамдағы орны ерекше екендігін, олардың еңбегі мен тәжірибесін бағалауымыз керектігін еске салатын күн. Жылы сөз, шынайы құрмет, ықылас пен қамқорлық – қарттарымызға жасай алатын ең үлкен сыйымыз», – дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

«Араздасып ағайын кетер еді, бір қария болмаса бір ауылда» деп өлең жолдарына арқау болған татулық пен берекенің, даналық пен парасаттылықтың озық үлгісі бола білген қарттарымызға күш-қуат тілейміз.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

                                                                                                                      Жанкелдин ауданы