Әл-Фараби даңғылында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Әл-Фараби даңғылында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі 2025 жылдың 29 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Әл-Фараби даңғылының жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатынын хабарлайды.

Жөндеу жүргізілетін учаске – Чехов көшесі мен Майлин көшесінің аралығы.

Осыған орай, аталған мерзім ішінде №2, №3, №8 және №38 бағытындағы қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі.

blank

Жөндеу жұмыстарының нақты мерзімі ауа райы жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін екенін де ескертеді.

blank

blank