Облыста «Үздік анықтаушы» байқауының алғашқы кезеңі өтті. Байқау қорытындысы бойынша үшінші орынды Ұзынкөл ауданының ТЖБ анықтаушысы Артур Болтиков иеленді. Екінші орынды Рудный қаласының ТЖБ анықтаушысы Ренат Елеуов жеңіп алды. Ал жеңімпаз болып Қостанай қаласының ТЖБ анықтаушысы Арман Найманов танылды. Енді ол алдағы республикалық кезеңде Қостанай облысының намысын Астанада қорғайтын болады.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Теориялық — Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу және практикалық — өрттен кейінгі жағдайға барынша ұқсастырылған арнайы оқу-жаттығу полигонында оқиға орнын қарау.
Қатысушылар жоғары деңгейдегі білімдерін, сондай-ақ өрт шығу себептерін анықтаудағы сенімді практикалық дағдыларын көрсетті.

Қостанай облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Назарали Селимов жеңімпаздарды құттықтап, Арман Наймановқа үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті — ол облыс атынан республикалық деңгейде лайықты өнер көрсетуі тиіс.
