Торғайдағы дүбірлі тойда Арқалық балуандары жүлдеден көрінді

Торғайдағы дүбірлі тойда Арқалық балуандары жүлдеден көрінді

Торғайдың киелі төсінде Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналып  қазақ күресінен ересектер арасындағы республикалық турнир де жанкүйерлеріндің нағыз делебе қоздырған аламанына айналды.

Алаш арысының тойына тігілген арнайы ақшаңқан киіз үйлердің жанында көрініс тапқан күресті қоршау орнатылған сайыс алаңын ентелей иінтірескен халық білектілердің күш сынасын таң әлетінен бастап түннің бір уағына дейін тапжылмай бір деммен тамашалады.

blank blank blank blank blank blank Сайыс палуандар арасында бірнеше салмақ дәрежесінде сарапқа салынып,бас жүлде жеңімпаздар арасында жеребе тарту арқылы анықталды. Күрес 4 салмақ дәрежесінде кіл мықтыларды анықтап, түйе палуанға 21 үміткер белдерін буды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген палуандардың арасында сан сайыстан озық шыққан спортшылар да көптеп саналды. Жүлде қорын: бас жүлде автокөлік, өзгесін жылқы және қаржылай қомақты сыйлықтар құрады.

blank Ұзақты күн өткен күрестің қорытындысында төрт салмақтың жеңімпаздары арасында жеребе ойнатылып, нәтижесінде Жанкелдин ауданының Сужарған ауылының тумасы жарыстың ең жоғарғы бас жүлдесін еншіледі.

blank

blankСертификатты «Топжарған» стадионында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов салтанатты түрде табыстады. Өзге де жеңімпаз спортшылар қомақты ақшалай және малдай сыйлықтармен марапатталды.

Жарыстың бас төрешісі, Халықаралық дәрежедегі төреші Азамат Ерәділов мәлімдегендей төмендегедей кестені түзді.

55 келі:

  1. Баймурзин Архат (Аркалык қаласы),
  2. ⁠Мұханбетжанов Әлішер (Қостанай ауд)
  3. ⁠Алиев Мұхтар (Шымкент)
  4. ⁠Төлеу Мақсат Арқалық)

 

66 келі:

  1. Еренқайпов Ержан (Астана),
  2. ⁠Сүлеймен Ернұр (Жамбыл облысы)
  3. ⁠Исмағұлов Нұрсұлтан (Арқалық)
  4. ⁠Ахмедьяр Серікболсын (Лисаков қаласы)

 

82 келі:

  1. Динер Дмитрий (Солтүстік Қазақстан облысы)
  2. ⁠Қуанышбеков Иманжүсіп (Арқалық)
  3. ⁠Арғынов Ерзат (Абай облысы)
  4. ⁠Әбутай Тимур (Қамысты ауданы)

 

Түйе палуан:

  1. Жұмағали Алмас (Қостанай ауданы)
  2. ⁠Қабылан Нұрсұлтан (Арқалық қаласы)
  3. ⁠Оразбаев Әділ (Абай облысы)
  4. ⁠Шынкеев Олжас Қамысты ауданы)

Жалпы, жарысқа 200-ге тарта палуан қатысып, түйе палуанға 21 палуан бел буды. Сондай – ақ, артқан тартыс, қол күресі, гир көтеру спорттары да өте тартысты айшықталды.