Міржақып-140: Торғайда республикалық айтыс басталды

Міржақып-140: Торғайда республикалық айтыс басталды

Торғайда Міржақып Дулатұлының мерейтойына арналған «Ұлт руханиятының шамшырағы» атты республикалық айтыс өтіп жатыр.

Тойшыл қауым ақындар аламанын тамашалауға «Топжарған» орталық стадионына ағылды.blankblank Көп күттірген өлең додасын ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, АМАNAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов құттықтау сөзімен ашып берді.blank Айтысқа 14 ақын қатысып жатыр. Атап айтсақ, Бекарыс Шойбеков (Түркістан), Мұхтар Ниязов (Қызылорда), Мейірбек Сұлтанхан (Астана), Әсем Ереже (Семей), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар), Қанат Мырзахан (Алматы), Жанарыс Тілеубек (Қарағанды облысы), Мейіржан Жақып, Нұрлан Есенқұлов (Шымкент), Марат Ахметов (Ақтөбе), Серікбол Панабердиев (Атырау) және Бекзат Асқаров (Түркістан) бап мен бақты сынға салғалы отыр. Ал Қостанай облысының намысын өңіріміздің үкілі үміттері – Батырлан Сағынтаев пен Тоба Өтепбаев қорғайды.blankblankblankblankАйтыс тізгінін қазақтың ардақты ақыны Аманжол Әлтаев ұстайды. Қазылар алқасында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман (қазылар төрағасы), Халық ақыны Әсия Беркенова, айтыс ардагері Мэлс Қосынбаев, Айтыс ақтаңгері Айбек Қалиев, айтыс сарапшылары – Қойлыбай Асанов пен Айтуған Ырысалды бар.blankblankblankblankАйта кетейік, бұл жолғы айтысқа екі бірдей автокөлік тігілген.blankblankblankblankАйтыс қорытындысы туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев