Президент: «Азық-түлік нарығындағы қазіргі жағдай — ұят нәрсе»

Президент: «Азық-түлік нарығындағы қазіргі жағдай — ұят нәрсе»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен импортқа тәуелділік мәселесін өткір сынға алды. Мемлекет басшысы бұл саланың қазіргі жағдайын «ұят жағдай» деп атап, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді.

«Үкіметтің стратегиялық міндеті – ұлттық азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту. Әрине, 100 пайыз өзімізді қамтамасыз ету мүмкін емес және ондай қажеттілік те жоқ. Бірақ қазіргі жағдай — ұят нәрсе», – деді Президент.

Атап айтқанда, Президент ішкі нарықты етпен қамтамасыз ету және осы салада экспорттық әлеуетті дамыту – негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті. Ол ауыл шаруашылығы саласында нақты нәтиже көрсететін уақыт келгенін, қағаз жүзіндегі жоспарлармен шектелуге болмайтынын айтты.

Бұл мәлімдеме азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің ел үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, мемлекет басшысының бұл сыны — агроөнеркәсіп кешенін қайта қарауға, тиімді саясат жүргізуге және отандық өндірісті қолдауға шақыру.