Жуырда Жанкелдин ауданында киіктер өлексесі қалдырылғаны туралы бейнеролик тарап, көпшілік арасында алаңдаушылық туғызған еді. Осыған байланысты тиісті министрлік өкілдері ресми түсініктеме жариялады.
«Аталған фактіні тексеру мақсатында әкімдік пен ветеринария қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы жедел түрде оқиға орнына жіберілді, Ұша қалдықтары анықталған жоқ. Аумақты тексерудің комиссиялық актісі жасалды», – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Онда ішкі бөліктерді одан әрі кәдеге жаратусыз кесіп, орнында қалдыру туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ерекше атап көрсетілді.
ҚР Экология министрлігі еске салғандай, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған ақпарат таратқаны және оны таратуға жәрдемдескені үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін жауапкершілік қарастырылған.
Министрлік азаматтарды тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне сенуге шақырып, әлеуметтік желілерде таралатын мәліметтерге абай болуға үндейді.
