Самокат ойыншық емес: облыста 250-ден астам құқықбұзушылық анықталды

Самокат ойыншық емес: облыста 250-ден астам құқықбұзушылық анықталды

Қостанай облысында полицейлер электр самокаттарға бақылауды күшейтті.

Соңғы уақыттың өзінде 250-ден астам құқықбұзушылық тіркелген. Бұл — алаңдатарлық жағдай.

«Көбіне ережені жасөспірімдер бұзады: каскасыз жүреді, қарсы жолаққа шығады, көлік жүретін жолмен жүйткиді, жаяу жүргіншілер өткелінде самокаттан түспейді. Кейбірі самокаттарды кез келген жерге тастап кетеді — шамамен 40-ы айып тұрағына қойылды», — делінеді облыстық ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Самокат ойыншық емес. Ол — көлік. Демек, жол ережесі міндетті түрде сақталуға, әр самокат мінуші мына талаптарды білуге тиіс:

Жолға тек 18 жастан бастап және жүргізуші куәлігімен шығуға болады.

Каска міндетті! Онсыз — қауіпті.

Қарсы жолақпен, қолға телефон ұстап, қараңғыда жарықсыз жүруге болмайды.

‍♂️ Жолдан өтесің бе? Самокаттан түс!

⚠ Тротуарда сағатына 6 км-ден аспау керек, жаяу жүргіншілерге кедергі жасама!

«Полицейлер «Назар аудар, балалар!» акциясы аясында жасөспірімдер арасында профилактика жүргізуде. Бірақ қауіпсіздік — тек полицияның емес, әрқайсымыздың ортақ ісіміз», — дейді тәртіп сақшылары.