Меңдіқаралықтар мерейтойын тойлады

Меңдіқаралықтар мерейтойын тойлады

Жері бай, шаруашылығы шалқыған қасиетті Меңдіқара ауданы 95 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Таңнан кешке дейін жалғасқан мерекелік іс-шаралар аудан халқы мен қонақтарын бір арнаға тоғыстырып, қуанышқа бөледі. Аудан өзінің қалыптасу кезеңінде ғасырға жуық жолды жүріп өтіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Жер-ана төсін емген еңбекқор шаруалар егін егіп, мал өсіріп, өңірдің дәулеті мен берекесін арттырды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қатар дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарып, жаңа өндіріс ошақтары бой көтерді.

   blank blank blank blank  blank  Таңертеңгілік мерекелік бағдарлама Боровской ауылындағы ипподромда бастау алды. Мұнда қазақ халқының ұлттық ойындары ұйымдастырылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Көрермендер мен қонақтар ат жарысын, көкпарды, қазақ күресін, асық ату мен таяқ тартуды, сондай-ақ қошқар көтеру жарысын тамашалады.

blank

blank

Ауданның мерейтойына орай ипподром алаңында 13 киіз үй тігіліп, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Ұлттық дастарқан басына жиналған жұрт қазақ халқының қонақжайлығы мен салт-дәстүрін айқын сезініп, мерекенің сәнін келтірді.

blank

Көкпар ойынына Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан арнайы келген командалар қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсете білді. Сонымен қатар, мереке барысында қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, жергілікті шеберлердің туындылары жұртшылық назарына ұсынылды.

blank

Мереке одан әрі аудан орталығындағы «Достық» стадионында жалғасын тапты. Мұнда өткен ресми бөлімде аудан әкімі Ғабит Бекбаев жиналғандарды мерейлі мерейтоймен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.

Әкімнің атап өткеніндей, ауданның бүгінгі табыстары мен жетістіктері бірнеше буынның маңдай терімен, қажырлы еңбегімен келген игілік.

Аудан басшысы туған жерге адал қызмет еткен жандарға алғысын білдірді:

blank

«Ауданның дамуына өз үлесін қосып келе жатқан баршаңызға терең алғысымды білдіргім келеді. Бүгінгі ұрпақтың міндеті алдыңғы буын салған сара жолды сақтап, оны еселеп арттыру. Ауданымыз өз ерекшелігі мен бірегейлігін сақтай отырып, алда да дами берсін!», – деп жүрекжарды тілегін жеткізді.

Салтанатты жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «KBS» құрылыс компаниясының бас директоры Бауыржан Қарамакин «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Материалды толығырақ газетіміздің бүгінгі санынан оқи аласыздар.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Меңдіқара ауданы