Береке шағын ауданында ауыз су уақытша өшіріледі

Береке шағын ауданында ауыз су уақытша өшіріледі

«Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2025 жылғы 22 тамыз күні Береке шағын ауданындағы су құбыры желісіне жаңадан салынған тұрғын үйді қосу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты аталған күні сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Береке шағын ауданындағы 1-үйден 15-үйге дейінгі барлық тұрғын үйлерде ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін «Қостанай-Су» МКК тұрғындардан кешірім сұрайды және суды алдын ала жинап алуға кеңес береді.

Барлық сұрақтар бойынша кәсіпорынның call-орталығына немесе ресми әлеуметтік желілеріне жүгінуге болады.