Арқалықтағы «Абай аллэясында» ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналып «Абай дара, Абай дана» атты іс – шара ұйымдастырылды.
Салтанатты шақта қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтау сөз сөйлеп, ұлы ойшылдың артына өшпес мұра қалдырғанын тілге тиек етті.

Абай Құнанбайұлының шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды.
Философиялық идеялары халықтың рухани дамуына зор ықпал етті.

Ұлы ақын білімге, прогреске және бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттады. Абайдың «Қара сөздері» сияқты еңбектері қашанда өзектілігін жоғалтпай жаңа буынды шындық пен үйлесімділікке тәрбиелеуде.

Мерекелік көңіл күйдегі қала тұрғындары Абай мұрасына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ән-жырдан шашу шашылып, кітапхана көрмесі тамашаланды.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы
