Торғайда ұлт ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы қарсаңында Алаш арысының кіндік қаны тамған жер Қызбел ауылдық округінің Бидайық ауылындағы музей үйі ағымдағы жөндеуден өтіп, ұрпақтары кесенесін қайта жаңғыртты.
Даңқты жерлесіміздің мерейтойы мемлекеттік деңгейде аталып өтпек.
Торқалы тойға дайындық ерте бастан басталып кеткен.
Үкімет тарапынан назар аударылып, Қызбел, Бидайық ауылдарына апаратын күре жолға қиыршық тас төселіп, ауыл көшелеріне асфальт салынғалы жатыр.

Жөндеуден кейін бабамыздың кесенесінің көркі кірген.
Музейінің іші де заманауи реңкке еніпті.

«Жөндеу жүргізгенде кесененің бастапқы салынған қалпын өзгертпеуді мақсат еттік. Халық жұмысымыздың нәтижесіне жақсы бағасын беруде. Кесене салғанда немесе жаңғыртқанда ұлтымыздың дәстүрі бойынша үлкен ас беріледі. Сол себепті, бүгін қасиетті жұма күні ағайын — жұрттың басын қосып, осы міндетті де мүмкіндігімізше атқаруды ниет еттік», – дейді ұрпақтары атынан Міржақып Дулатұлының немере інісі Бақберген Қасымұлы.
Айтса айтқандай, кесене мен музей үйінің қайта жаңғыртылуына байланысты ұрпақтары атынан ас беріліп, марқұмның рухына құран бағышталды.



Толығырақ газетіміздің алдағы нөмірлерінің бірінен таныса аласыздар.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Жанкелдин ауданы
