Жерлестеріміз әзірге көш басында

Жерлестеріміз әзірге көш басында

Қостанайда балалар мен жасөспірімдер арасында гандболдан Қазақстан чемпионаты өтуде. Онда Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарының командалары бақ сынап жатыр.

Алдын ала нәтижесі белгілі болғандай, жерлестеріміз он алты жасқа дейінгі жасөспірімдердің бірінші лигасында көш бастап келе жатыр. 2010 жылы туған балалар арасында үшінші орында тұр. Бұл топта павлодарлық балғындар бәсекелес шыдатпауда. Жарыс жеңімпаздары ертең белгілі болмақ.

“Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Шәкірттеріміз тапсырманы мүлтіксіз орындауда. Алдағы уақытта биік шыңдарды бағындыруға талпынамыз”, – дейді қостанайлық команданың бапкері Артур Хачатуров.

Әріптесінің бұл сөзіне жарыстың бас төрешісі Александр Тетряков та қосылатынын айтады.

“Бұрынғымен салыстырғанда бұл спортқа деген жастардың қызығушылығы артып келеді. Ойын алаңда еркін қимыл мен аса шеберлікті талап етеді”, – дейді ол.

Жаңалықтармен бөлісу