Газетіміздің аға буын өкілі, шебер журналист Мұрат Жүнісұлы бүгін Қостанай облысы әкімінің қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.
Марапаттау салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Мұрат Жүніс «Қостанай таңы» газетінің Арқалық қаласындағы меншікті тілшісі болып ұзақ жылдан бері жемісті еңбек етуде.

Ол кісінің кәсіби шеберлігі жас мамандарға үлгі.
– Ақпарат саласы – бұл қоғам алдындағы күнделікті жауапкершілік, дәлдік пен принципшілдікті талап ететін күрделі жұмыс. Өз ісіне адалдық танытып, халық мүддесі үшін қызмет етіп жүрген барша ақпарат өкілдеріне алғысымды білдіремін, – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
Марапат иелерінің тізімі:
Күлтай Әбдрахманова – «Құрмет» ордені;
Мұрат Жүніс – «Ерен еңбегі үшін» медалі;
Валерия Сүлейменова – «Ерен еңбегі үшін» медалі;
Александра Серғазинова – «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі;
Қыдырәлі Ахметбеков – «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі;
Жұмагүл Иргасимова – «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі;
Заңғар Санай – «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі.
Сондай-ақ, «Әулиекөл» аудандық газетінің бас редакторы Шыңғыс Сабиров жуырда ҚР Президентінің қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алғанын хабарлаймыз.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бердіболат
КӨРКЕМБАЕВ
