Ішкі істер министрлігі азаматтарды өз міндетіне жауапкершілікпен қарауға шақыратын бейнеролик жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Роликтің басты кейіпкері — мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғыны. Ол жылдар бойы малын қараусыз жіберуді әдетке айналдырған. Жергілікті биліктің бірнеше рет ескерту жасағанына қарамастан, қарт ешкімге құлақ аспайды.
Оның кенже ұлы: «Әкімшілік бұл жолы соңғы ескерту берді. Келесіде — айыппұл», – деп хабарлайды. Бірақ әкесі бұл сөзге мән бермей, қолын бір сілтейді.
Сюжет желісі бойынша күтпеген жерден қайғылы жағдай орын алады. Қарттың үлкен ұлы ауылға келе жатып, жолға шығып кеткен жылқыны көлігімен қағып, апатқа ұшырайды.
