Қазақстанда Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар онкүндігі басталды. Оған алғашқылардың бірі болып Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы үлес қосты.
Онда Балаларды қорғау күніне арналған онкүндік аясында мазмұнды ұйымдастырылды. Іс-шараға №1 лицейдің 2-сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында балаларға отбасының маңыздылығы, бірлік пен сүйіспеншілік туралы тәрбиелік мәні зор әңгімелер айтылды.
«Бұл іс-шарада балаларға Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын таныстырып жатырмыз. Сол арқылы үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу секілді адами құндылықтарды ерте жастан бойларына сіңіреді»,– деді кітапхана қызметкері Шынар Шалғынбаева.
Іс-шара аясында Ыбырай Алтынсарин шығармасынан шағын көрініс көрсетілді. Балалар өлеңдерін оқып, әсерлі ойларын бөлісті.
«Біз бүгінгі кездесуден көп нәрсе үйрендік. Өлең оқыдық, көрініс көрсеттік. Маған бәрі қатты ұнады. Ата-анам мен бауырларым – менің ең жақындарым. Біз бір-бірімізге көмектесеміз. Бүгін соны тағы бір мәрте түсіндім», – деді №1 лицейдің 2-сынып оқушысы Рүстем Ержанов.
Кітапхана қызметкерлері ежелгі мифтер мен танымдық деректер негізінде аист құсының отбасы мен бақыттың символы ретіндегі мәнін түсіндірді.
Бұл балалардың ой-өрісін кеңейтіп, отбасы құндылықтарын қадірлеуге тәрбиелеуге бағытталады.
Суреттерді түсірген – Жансая Сәбитбек