9 Сәуір, 2025
Бүгін көрнекті ақын Серікбай Оспанұлының туған күні

Бүгін көрнекті ақын Серікбай Оспанұлының туған күні

Танымал ақын, филолог-ғалым, “Алаш”, “Жамбыл” халықаралық сыйлықтарының иегері, Әлем жазушылары одағының, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанұлы 80 жасқа толды.

Қазақ әдебиетінде өзгеше өрнегімен, ерекше қолтаңбасымен қалған ақын – Тобыл-Торғай өңірінің мақтанышы. Серікбай аға поэзияның әртүрлі жанрында өндіріп жазды. Ғалым ретінде филология, публицистика саласына сіңірген еңбегі де орасан зор. Ыбырайтану ғылымына қосқан үлесі өз алдына бөлек бір әлем. Әсем жырлары ән әуесінде де қалықтап жүр. Қалың қазақ оны “Сағындым Алматымды”, “Айлы түнде”, “Шиелі өзен”, “Асыл жазым”, “Бес саусақ”, “Тобыл ағады” сияқты көптеген ән арқылы да жақсы таниды. Он саусағынан өнер тамған қолөнер шебері ретінде де айырықша құрметке ие екенін де айта кеткеніміз жөн. Бедел билігіндегі бесаспап дарын, сан қырлы тұлғаны, жас буын қаламгерлердің, ғалымдардың, дарындардың ұлағатты ұстазын мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасына амандық, бақ-ырыс тілейміз! Ал қалаған ағайынның арасында есен-сау жүре бергей!

Ізгі тілекпен, “Қостанай таңы” газетінің ұжымы

 

Жаңалықтармен бөлісу