Заңсыз ақша тасымалының жолы кесілді

Заңсыз ақша тасымалының жолы кесілді

Қостанай облысының “Қайрақ” автокөліктік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы азаматы тізгіндеген «Тойота ланд Крузер 200» автокөлігін тексеру кезінде 33 000 000 рубль мен 404 858,52 АҚШ доллары табылды.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті хабарлады. “Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы” ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасынан шетел валютасын, алтын құймалар мен монеталарды әкетуге тыйым салынған. Қазақстан Республикасының азаматына шекарадан шығуға рұқсат берілмеді.

Аталған факті туралы құзырлы органдарға хабар берілді.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу