6 июня, 2025
Ұлы ойшылға арналған тәрбие сағаты

Ұлы ойшылға арналған тәрбие сағаты

Халқымыздың тұңғыш тарихшысы, ақын, көркем сөз шебері, майталман шешен, этнограф, философ, географ, он саусағынан өнер тамған шебер, мəлімгер дипломат, əскери қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығын жастарға насихаттау мақсатымен 6 «А» сынып білім алушыларына «Ұлы ғалым, ойшыл, философ М.Х.Дулати» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Оқушыларға ол қандай тұлға екені, қайда туып-өскені, қай шығармаларды жазып, қалам ұштағаны туралы мағлұмат берілді. Оқушылар Мұхаммед Хайдар Дулати туралы ойларымен бөлісіп қана қоймай, білімдерін шыңдады.

Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулат – әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Мырза Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулат. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты, «мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» – шыққан тайпасының аты.

Осылай ұлы баба мұраларын насихаттау арқылы орта ғасырлар тарихы бойынша ғылыми тұрғыда бізге жеткізуші ғұлама ғалым, ақын, қолбасшы, әрі дипломат М.Х.Дулати екендігін ұғындыру, әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде қазақ халқының өсу тарихы мен мәдениетін көрсету мақсатында өтікізілген бұл шараның жастардың рухани қалыптасуына үлкен үлес қосады деген сенімдеміз.

Көркем БАҚЫТ,

Арқалық қаласы Восточный жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі