Қостанай облысында заңсыз қару сақтап келген тұрғындар жауапкершілікке тартылды

Қостанай облысында заңсыз қару сақтап келген тұрғындар жауапкершілікке тартылды

Облыс аумағында “Қару” жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. 5 сәуірде басталған рейд 25 сәуірге дейін жалғасады. Тәртіп сақшылары осы шара аясында бірнеше заңсыздықты анықтады.

“Қару” рейдінің мақсаты – ату қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алу, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтық жіне қызметтік қару айналымын жіті бақылауда ұстау. Апта ішінде бірнеше заң бұзушылық деректері анықталды.

Мәселен, Қостанай ауданының тұрғыны үйінде тіркеуге алынбаған 12 калибрлі тегіс ұңғылы қару сақтап келген. Мұндай деректер Қамысты, Қарабалық, Б.Майлин аудандарында және Лисаков қаласында да тіркелді. Айыпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шара басталғалы полицейлер 18 рейд өткізген. Тәртіп сақшылары шалғайдағы 36 шаруа қожалығын және 305 азаматтық қару иелерін тексерген.

 

Жаңалықтармен бөлісу