Тобыл қаласында кісі өліміне байланысты тергеу басталды

Тобыл қаласында кісі өліміне байланысты тергеу басталды

Қайғылы оқиға 11 сәуір күні болған. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, Қостанай ауданының Тобыл қаласында 59 жастағы әйелдің мәйіті табылған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сараптама тағайындалып, қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты, қылмыстық іске қатысты басқа ақпарат жасырын ұсталып отыр.

 

Жаңалықтармен бөлісу