Қазір күннің жазға шығар ала-құла уақыты. Жәндік біткен тіріліп азық іздей бастайтын сәт. Осыған байланысты аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының өкілдері, әсіресе, кенеден сақтануды ескертеді.
“Дұрысы, осы кезеңдерде табиғат аясына шықпаған. Нақа болмаған жағдайда, көрінетін ашық түсті киім киген абзал. Қауіпті кезең жылдағыдай маусым айына дейін созылуы мүмкін. Қазірдің өзінде осындай төрт бірдей жағдай тіркелді”, – дейді мекеме басшысы Ермұхамбет Дәулетбаев.