Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақ футболының аңызы Нұрбол Жұмасқалиев «Тобыл» футбол клубындағы жұмысын жалғастырмақ.
Ойыншы ретіндегі көп жылдық мансабы Жұмасқалиевті Қостанай футболының нағыз символына айналдырды. Енді ол жаттықтырушы ретіндегі тәжірибесін, бар ынта-жігерін, стратегиясын шәкірттеріне бөліседі.
– «Тобыл» футбол клубы бас бапкерге сенеді, Нұрбол Жәрдемұлы командалық рухты нығайтып қана қоймай, жаңа спорттық жетістіктерге қол жеткізе алатынына сенімді, – деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.