Жанкелдин ауданы Торғай ауылында Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар аясында Ерсайын Төлеубайдың “Оян, Қазақ” драмасы сахналанды.
Бұл қойылым – қазақ тарихындағы күрделі кезеңдерді, ұлт азаттығы үшін күрескен Алаш арыстарының тағдырын суреттейтін ерекше туынды.
Қоюшы режиссер: ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері Татьяна Рахышқызы.
Көркемдік пен тарихи шындық тоғысқан қойылымда әрбір актер өз рөлін шынайы әрі жүрекке жеткізіп орындап, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.
Рөлдерді сомдағандар – Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған ХАЛЫҚ театры әртістері:
Күмән (еден жуушы рөлінде) – Жанаткүл Әлібекова;
Бадрисафа (Ахметтің жұбайы рөлінде) – Фариза Бүркітбай;
Ғайникамал (Міржақыптың жұбайы рөлінде) – Жаңажыл Кемелтаева;
Голощекин рөлінде – Мейрамбек Бейсенбек;
Жанғайып рөлінде – Самұрат Ерік
Ахмет Байтұрсынұлы рөлінде – Марғұлан Қасымбек;
Міржақып Дулатұлы рөлінде – Батырлан Қазым.
Дыбыс қоюшы оператор: Ұлан Топай
Суретпен және жарықпен әрлеуші: Абай Нұрпейіс
Гриммен әрлеуші: Арайлым Елеуітова
Бұл спектакльдің маңыздылығы орасан зор. Себебі бұл драма Міржақып Дулатұлының елін сүйген ер жүрегін, ұлт мүддесін қорғаудағы қайсарлығын, сондай-ақ оның отбасы мен замандастарының қиын тағдырын жан-жақты бейнелейді. Алаш қозғалысының идеясын сахнаға әкеліп, бүгінгі ұрпаққа ой салып, ұлттық рухты оятуға бағытталған.