Бүгін Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің жас офицерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің жас офицерлері жұптарымен вальс биледі. Әскери қызметшілер мұнда жаңа қырынан көрінді. Жұптар арасындағы қарым-қатынастың тартымдылығы, әсемдігі мен ерекше талғамы осы сәтте байқалды.
Онда бүкіл саналы ғұмырын мемлекетімізді қорғауға арнағандар, кәсіпқойлықтың, батылдық пен қызметке адалдықтың үлгісін көрсетіп жүргендер жиналды.

«Бүгін біз офицерлер корпусының абыройын, ерлігін және дәстүрін бейнелейтін Офицерлер балын өткізуге жиналып отырмыз. Бұл кеш жай ғана мереке емес, сонымен бірге әскеріміз тарихының даңқты беттерін еске алып, офицер мамандығына деген құрметті білдіріп, бірігуге мүмкіндік беретін маңызды сәт. Офицерлер балы – біздің қарулы күштеріміз әрқашан даңқы шыққан жоғары адамгершілік құндылықтардың, мәдениет пен абыройдың көрінісі. Ол офицердің Отан қорғаушысы ғана емес, сонымен қатар қызметтің озық дәстүрін, зерделілігін, тектілігін жеткізуші екенін еске салады», – деді 6697 әскери бөлім командирінің орынбасары Ескендір Сараубеков.
Еңбегі мен ерліктерімен болашағымыздың іргетасын қалаған ардагерлерімізге ерекше алғысын білдірді.

Бұл офицерлік бал ежелден келе жатқан бекзаттықтың, ханымдарға деген көзқарастың, сүйіспеншілік пен аладдықтың символы болып қала бермек.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков
