Алдағы бес жылда экология саласында компьютерлік көру, үлкен көлемдегі ақпаратты талдау, спутниктік технологиялар, сондай-ақ көру, заттар интернетінің экожүйесі сияқты заманауи цифрлық шешімдер енгізіледі.
«Бұл технологиялар қазірдің өзінде ластаушы заттардың шығарындыларын мониторингтеу, орман өрттерін ерте анықтау, стихиялық қоқысқа ғарыштық бақылау жүргізу, ормандарды шабу және басқа да бағыттарда қолданылады», – деді ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, 29 мемлекеттік қызмет цифрландырылды.
«Биыл ағаш кесу билетін беру мемлекеттік қызметін толық автоматтандыру жүргізілді. Жалпы, ағымдағы жылдың 11 айында 34 353 қызмет көрсетілді, оның 96%-ы электронды түрде ұсынылды», – деді спикер.
@ortcom_kz #CCS