1-7 желтоқсан күндері Орал қаласында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Кадыр Мырза Әлиді еске алуға арналған Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнир өтті.
Бұл жарысқа Қазақстанның 7 облысынан 190 ойыншы шеберлік сынасты. Дүбірлі додада өз жас тобында Б.Майлин ауданының С.Ерғалиев атындағы ЖББМ оқушылары – Ерқанат Ниязбек (13 жас), Бану Мұханбетова (15 жас) чемпион атанды. Сондай-ақ ауданға қарасты Новоилинов ЖББМ 4-сынып оқушысы Райана Сейткалиева 3-орын иеленді (11 жас).
Жарысқа Атырау, Актау, Кызылорда, Ұлытау, Маңғыстау, Қостанай, Орал облыстарынан 12 команда қатысты.
Жүлдегер жерлестеріміздің жаттықтыушылары: Т.Орынбай және К.Хабылан.