Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов облыстық«Өңірлік коммуникациялар қызметінде» брифинг өткізді.
Онда қала басшысы 2024 жылдың 10 айын қорытындылап,«Арқалық қаласының даму көрсеткіштері мен алдағы даму перспективалары» туралы баяндап берді.
Қаланың даму перспективасында өнеркәсіп секторында 700 –ге жуық жұмыс орнын құра отырып, 32 млрд теңгеден астам қаражатқа 2024-2025 жылдары 3 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олар: «Concord Investments» ЖШС-нің «Отқа төзімді сазды өндіру және сирек кездесетін жер шикізатын қайта өңдеу» жобасы, «Aspan Energo» ЖШС-нің «Қуаты 50 МВт жел электр станциясын салу» жобасы, «ARQALYAREMSERVIC» ЖШС-нің «Пластмасса бұйымдарын өндіру» жобалары.
«Өңірде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін 5 млрд теңгеге жуық қаражатқа 5 инвестициялық жоба іске асырылуда. Атап айтқанда: «КМК-Агрохолдинг» ЖШС-нің «Тамшылатып суару жүйесі арқылы 256 гектар жерде шырынды ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру» жобасы, «Arkalyk Qus» ЖШС – нің «Құс фабрикасының жұмысын жаңғырту және жұмыртқа шығару қуаттылығын жылына 200 млн данаға дейін арттыру» жобалары. Нәтижесінде қосымша 102 жұмыс орны ашылып, бюджетке түсетін салық төлемдерінің өсімі артатын болады. Сондай – ақ, «Аv Agro-KZ» ЖШС-нің «Мал шаруашылығы кешенін сала отырып, 1 000 бас қой өсіру және аналық қойлардың басын 5 000 басқа дейін және бордақылайтын қой санын 6 000 бастан 20 000 басқа дейін ұлғайту” жобасыда өңір экономикасына тың серпін береді деп күтілуде», – деді қала әкімі Әмірхан Асанов.
Брифингтің сұрақ – жауап бөлімінде журналистердің қала тіршілігіне, яғни жол, қаланы сумен қамту мәселелеріне қатысты қойған бірқатар сұрақтарынажауап берілді.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы